Қоғам • 11 Наурыз, 2023

Түркия мен Сириядағы жағдай Алматыға сабақ болуы тиіс - Смайылов

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия мен Сириядағы жағдай Алматыға сабақ болуы тиіс - Смайылов

Үкімет басшысының айтуынша, Түркия мен Сирияда болған табиғи апаттар біздің еліміз үшін, әсіресе Алматы үшін үлкен сабақ болуы тиіс.

Ол соңғы рет қаладағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізіп, сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруы тиіс.

«Бұл мәселелерде әлемдік тәжірибені тек Алматыда ғана емес, еліміздің жер сілкінісіне ұшырауы ықтимал басқа да  өңірлерінде  пайдалану қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұған дейін алынып тасталған жобалау, құрылыс және бақылау процестерін заңнамалық тұрғыда қатаңдату мәселесін шұғыл түрде қарастыруы керек», деді Әлихан Смайылов.