Аймақтар • 11 Наурыз, 2023

Атырауда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты

5414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаза тапқандардың арасында бір жасқа толмаған сәби бар, деп хабарлайды Egemen.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырауда бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жантүршігерлік жол апаты 9 наурыз күні «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тасжолының 551 шақырым тұсында «Ларгус» және «Уаз» автокөліктерінің бетпе-бет соқтығысуынан болған.

Жол апаты салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

1994 жылғы жолаушының жанында бір жасқа толмаған сәби болған.

Ал «Уаз» автокөлігінің үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.