Мәдениет • 11 Наурыз, 2023

Қазақстанның іскер әйелдері Парижде қазақ мәдениетін таныстырды

1519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Франциядағы елшілігі «Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері» қауымдастығымен бірлесіп Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бүгінгі Қазақстанның дамуындағы әйелдердің рөлі» атты іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның іскер әйелдері Парижде қазақ мәдениетін таныстырды

Іс-шараға француз қоғамының, іскерлік және мәдени топтардың өкілдері, ЮНЕСКО басшылығы, сондай-ақ Франция мен ЮНЕСКО-да аккредиттелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Қазақстан елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ашылу сөзінде әйелдердің қазіргі қоғамдағы маңызды әрі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.

«Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдениет саласында болсын, әйелдердің құқықтарын ілгерілету және қорғау мемлекеттің басты басымдықтарының бірі», деді ол.

Іс-шара аясында жаңадан құрылған «Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері» қоғамдастығының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға қатысушылардың назарына «Ұлы даланың әйгілі әйелдері» атты фотокөрме ұсынылды. Көрмеде көрнекті тарихи тұлғалармен қатар бірқатар дипломатия, ғылым және білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саларында үлкен жетістіктерге қол жеткізген қазіргі Қазақстанның өкілдерінің өмір жолы мен еліміздің дамуына қосқан зор үлестері баяндалады.

.

Іс-шараның шарықтау шегі Қазақстан іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, халықаралық дизайнерлер конкурстарының жеңімпазы, ақтобелік дизайнер Малика Дүйсенбаеваның ұлттық киімдер жиынтығының көрсетілімі болды.

.