Санкция • 11 Наурыз, 2023

Украина Ресейлік букмекерлерге қарсы санкция енгізді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президентінің сайтында Ресейдің 120 жеке және 287 заңды тұлғасына санкция салынатыны туралы жарлық жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина Ресейлік букмекерлерге қарсы санкция енгізді

Санкция букмекерлік кеңселерге, онлайн бәс тігу ойындарын ұйымдастырушыларға, лотереяларды ұйымдастыратын компанияларға салынады.

Олардың активтері бұғатталып, сауда операцияларын жүргізуге, Украинадан капиталды шығаруға толық тыйым салынады және лицензиялар жойылады.

Санкция 50 жылға енгізіледі.