Астана Ұлттық теннис орталығының тәрбиеленушісі алдымен жеке разрядқа, содан кейін жұптық разрядқа қатысты. Теннисші бірінші ойында Үндістаннан келген қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Қарсыласы екінші партиядан бас тартты.
Екінші айналымда Ариана Альбина Какеновамен жұптасып ойнады. Қарсыластары Сатима Төреген мен Анастасия Крымкова болды. Ариана мен Альбина басым түсіп, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ариана ойында өзін жақсы көрсетіп, көзге түсті.
Спортшының жаттықтырушысы Мукам Эрматов оның толық формада емес екенін атап өтті.
«Қазірдің өзінде Ариана - ересектер арасындағы теннистен Қазақстан чемпионы. Оның халықаралық мансабы әлі алда», деді ол.