Күдіктілер «Қазақмыс корпорациясы» АҚ «Жомарт» кенішінің қызметкерлері болып шықты. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, жанжал туғызды.
Осылайша, күдікті адамдар аталған ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды.
Облыс сотының шешімімен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.