Аймақтар • 12 Наурыз, 2023

Павлодарда санитарлық талапты сақтамағандарға ірі айыппұл салынды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғын үй инспекциясы департаментінің қызметкерлері жылу желілерінің маңыңдағы тұрғын үйлерге санитарлық талапты сақтамағаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда санитарлық талапты сақтамағандарға ірі айыппұл салынды

Павлодар қаласында санитарлық талапты сақтамау бойынша екі жағдай тіркелді.

«Жылу желісіне іргелес орналасқан үйлердің тұрғындары санитарлық талапты сақтамаған. Жылу желісінің айналасына ағаштар мен бұталар сондай-ақ  қоқыс толып қалған», деді инспекция басқармасы.

Осыған байланысты пайдаланушы ұйымға полиция өкілдері ҚР Әкімшілік кодексінің 505-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, олардың әрқайсысына  2 миллион теңгеден айыппұл салынды.

Бұған дейін тұрғын үй инспекциясы осындай тағы бір жағдайды тіркеп,  1 млн теңге айыппұл салған еді.