Өнер • 12 Наурыз, 2023

Хор ұжымы – Кореяда

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония­сының Қазақ камералық хор ұжымы Кореяның бірнеше қаласында өнер көрсетті.

Хор ұжымы – Кореяда

Қазақстан өнеріне еңбек сіңір­ген қайраткер Дүйсен Қасе­йіновтің авторлық жобасы – «Бар байлығым – достарым» фес­тивалі аясында облыстық фи­лар­мония ұжымы әуелі Пусан қала­сында «Достық» концер­тін бер­ді. Пусан көрермен­дері қазақ­тың ұлттық аспаптары сүйе­мелдеуімен орындаған корей әндерін жылы қабылда­ды. Содан кейін Д.Қасейінов­пен бірге филар­мония әртіс­­тері Чеджу аралында өткен VІІ халықаралық ән фестиваліне қатысты. Әлем ел­дерінің 20-дан астам хор ұжы­мы қатысқан «NOVA VIA» ән фес­тивалінде Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония өнер­паздары қазақтың халық әнде­рін және корей халқының «Ари­ранг» әнін орындады.

Шетел сапарынан шабытпен оралған ақтөбелік әртістер ха­лықаралық гастрольдерді әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Бүгінде филармония ұжы­мына АҚШ, Индонезия, Филип­пин елдерінен кон­церт­тік бағдарламамен өнер көр­сетуге шақырту келді. Филар­монияның көркемдік жетекшісі Мирбол Құспановтың айтуын­ша, хор ұжымының шетелдік ән фести­вальдерінде жиі өнер көрсетуі әншілердің кәсіби біліктілігін арттырып, шығармашылық ізде­ніске жол ашады.

 

Ақтөбе облысы