Бұған дейін біз Александр Бубликтің тұсаукесер кездесуінде тайпейлік Ву Тун Линнен ойда-жоқта ұтылып қалғанын жазған едік. Келесі күні Юлия Путинцева да көрермендер қатарына қосылды. Ол әлемдік рейтингте өзінен 32 саты төмен тұрған чехиялық Каролина Муховаға жол берді – 3:6, 6:4, 4:6. Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина алғашқы айналымда бос болды. Келесі кезеңде оның жолы Софья Кенинмен қиысты. 24 жастағы АҚШ-тың өкілі қазіргі кезде WTA тізімінде 162-орында тұрғанымен, осыдан үш жыл бұрын төртінші сатыға тұрақтаған еді. Сол кездері ол Аустралияның ашық біріншілігінде бас жүлдені олжалап, Ролан Гарростың финалында ойнады. Қос мықтының өзара тартысы өте шиеленісті өтіп, екі сет те тай-брэйкке дейін жетті. Нәтижесінде, 7:6, 7:6 есебімен Рыбакина жеңіске жетті.
Үшінші кезеңде Елена испаниялық Паула Бодосамен кездеседі.