Спорт • 12 Наурыз, 2023

Қазақстан алтыншы орында

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Futsalworldranking.com сайты футзалдан ұлттық құрама командалардың әлемдік рейтингін жариялады.

Қазақстан алтыншы орында

Үздіктер көшін 1 796 ұпай жиған Бразилия құрамасы бастап тұр. Әрине, оған таңдануға болмайды. Олар осыған дейін тоғыз рет ұйымдастырылған әлем чемпионатының бесеуінде бас жүлдені олжалап, бір күміс пен екі қоланы қоржынға салды. Оңтүстік Америка біріншілігінде үнемі топ жарып жүр. Екінші орында – Испания. 1 771 ұпайды еншілеген Пиреней түбегінің түлектері дүниежүзілік додада 2 алтын, 3 күміс және 1 қолаға қол жеткізді. Еуропа чемпионатын жеті рет ұтты. Үшінші сатыға 1 753 ұпайы бар Португалия жайғасты. 2021 жылы олар әлем чемпионы атанса, 2000 жылы қола медаль иемденді. Соңғы екі құрлық біріншілігі дәл осы команданың жеңісімен аяқталды.

Ал Қазақстанның футзалшылары бұл тізімде алтыншы орында тұр. Желес­тері­міздің қоржынында 1 570 ұпай бар. Сондай-ақ Ресей, Аргентина, Иран, Марокко, Украина және Парагвай құрамалары ТОП-10 команданың қатарына еніп отыр.