Қоғам • 13 Наурыз, 2023

Салмағы 230 келі қой Қазақстанның рекордтар кітабына енді

1074 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қожалықта Қазақстан бойынша ең ірі қой тіркелді. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Салмағы 230 келі қой Қазақстанның рекордтар кітабына енді

«Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына «Миллион» атты қошқарым тіркелейін деп жатыр. Астанадан арнайы маман келіп, таразының дұрыстығын гирялармен тексердік. Ет-май өнімділігі бағытындағы тұқымды тіркесек, бұл ТМД елдері арасында ғана емес, бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен жетістік», деді Қуаныш Мықтыбаев. 

КИнЭС ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов мұны әлем рекордына тән көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті. 

Қошқар иесі Қуаныш Мықтыбаев бұл рекордтың ТМД мен дүниежүзінде де үлкен жетістік екенін айтады.  

«Нақты салмағы – 230 кг. Қазақстан рекордтар кітабы атынан сертификат Қуаныш Мықтыбаевқа тапсырылады және ет-май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды, еліміздегі ең ірі салмақты қой ретінде тіркейді», деді Қуаныш Құдайбергенов.