Саясат • 13 Наурыз, 2023

Қазақстандағы сайлауды 700-ден астам байқаушы қадағалайды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау үшін 786 байқаушы аккредитациядан өткенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы сайлауды 700-ден астам байқаушы қадағалайды

«Оның ішінде 41 шет мемлекеттен 124 бақылаушы және 12 халықаралық ұйымнан 662 бақылаушы бар. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететіндігін тағы да атап өткім келеді. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге сүйенетіндігіміздің дәлелі, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыру екенін де білдіреді. Басқа елдердің орталық сайлау органдарындағы әріптестеріміздің келуі біз үшін де өте маңызды екенін атап өткім келеді», деді Нұрлан Әбдіров

Ол аккредитациядан өткен барлық  бақылаушыларға Қазақстанда жүргізіліп жатқан сайлау науқандарына тұрақты қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдірді.

ОСК төрағасы парламенттік сайлауды бақылауға 16 мемлекеттің Орталық сайлау органдарының өкілдері, оның ішінде Әзербайжан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстанның сайлау комиссияларының бес төрағасы келетінін айтты.

«Біз арадағы тығыз ынтымақтастық пен өзара байланысымызды жоғары бағалаймыз», деді Нұрлан Әбдіров.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылы 19 наурызда өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25