Аймақтар • 13 Наурыз, 2023

Компост өзімізде дайындалады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы ауданының тұрғыны Гүлмира Құрманиязова жеке кәсібін әртүрлі әдістерді қолданып, органикалық тыңайтқыш – компост өндірумен бастады.

Компост өзімізде дайындалады

Кәсіпкердің айтуынша, компост – құрамында өсімдіктің дамуы мен өсуіне қажетті бар­лық минерал кездесетін құнарлы әрі қолжетімді органикалық тыңайт­қыштардың бірі. Ол топырақтағы ылғалды сақтап, өсімдіктерді суаруға жұмсалатын суды 40 пайызға дейін азайтады, өсім­діктердің иммундық жүйесін ны­ғайтып, әртүрлі вирустық ауру­­лар мен ағаш зиянкестерінен қорғайды.

Жеке кәсіпкердің негізгі мақ­саты – өңірді жасыл ай­мақ­қа айналдыруға үлес қосу, жер­­гілікті бау-бақшада өскен та­биғи өнімдерді пайдалану. Кәсіпкер алдағы уақытта та­биғи тыңайтқыш – компост өнімін кө­бейтіп, Бас­құдық ауыл­дық окру­гінде орна­лас­қан егістік ба­за­рындағы кәсіп­керлермен ке­лісім шартқа отырып, на­рық­қа шы­ғаруды жоспарлауда.

Маңғыстау жері тілі мен бабын тапқан жанға көл-кө­сір өнім бере алатындығы дә­­­лел­деніп ке­леді. Г.Құр­ма­ния­­зо­ваның минералды ты­ңайт­қыш өндіруі осы бағыт­тағы жұ­мыс­тарға үлкен қол­дау. «Алыс­тан арбалағанша жа­қыннан дорбала» дегендей, тыңайтқыш та өзімізден дайын­да­латын болса Маңғыстауда егін егу ісі дами түсері даусыз.

 

Маңғыстау облысы