Азия чемпионы, Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы деген атағы бар 17 жастағы қазақ қызы «доп» жаттығуында 32.900 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Пиреней түбегінде әлем чемпионатының үш дүркін күміс және бір мәрте қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Стиляна Николова алдына жан салмады. Ол біздің Елжанамен түйдей құрдас. Былтыр дәл осы турнирде екі алтын мен екі күміс медаль олжалап, теңдессіз өнерімен төркүл дүниені тамсандырған 18 жасар Ева Брезалиева бұл жолы күміс медальды қанағат тұтты. Бұл гимнасшылардың екеуі де – Болгариядан.
Ал Грекияның Афина қаласында жасөспірімдер арасында өткен «Афродита кубогінде» қазақтың қос аруы – Айым Мейіржанова мен Ақмарал Ерекешова күміс медальды мойынға ілді.