Спорт • 13 Наурыз, 2023

Бакудегі қос алтын

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның астанасы – Бакуде спорттық гимнастикадан Әлем кубо­гінің кезеңдік сайысы аяқталды.

Бакудегі қос алтын

Аталған жарыста Милад Карими тамаша өнер көрсетті. 23 жастағы алматылық спортшы еркін жаттығуда 14.200 ұпай жинап, бас жүлдені олжалады. Әлем чемпионатының қола және Еуропа біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері украиналық Илья Ковтун күміс медаль иеленсе, Панамерика чемпио­ны, америкалық Райли Руус қолаға қол созды. Бұған дейін де Карими дүбірлі додаларда жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Ол Азия чемпионатында төрт рет, Ислам ынты­мақтастығы ойындарында екі мәрте және Дүниежүзілік Универсиадада екі рет жүл­делі орындарды иеленді. Сондай-ақ Әлем кубогінде де бірнеше мәрте олжаға кенелді.

Көп кешікпей Нариман Құрбанов өз көрермендерін қуантты. «Ат» жаттығуында 15.300 ұпай жинаған ол команда қоржынына екінші алтынды салды.