Сайлау • 13 Наурыз, 2023

Жастар белсенді болуы керек

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жолғы сайлау, расында да, бұрынғыдан өзгерек. Оның ерекшелігі – шын мәнісінде жалпыхалықтық сипат алғаны. Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауларына биыл аса көп кандидат тіркелді.

Жастар белсенді болуы керек

Ең алдымен, сайлауалды үгіт-насихат науқаны әлеуметтік желілердің дамыған заманында өтіп жатыр. Бұл дегеніңіз, біріншіден – үміткерлерге үгіт-на­си­хат жұмысын жүргізуге кең мүмкіндік.­­ Екіншіден, әрбір кандидат өз­ өңіріндегі түйткілді мәселелермен жіті танысып, оны­ жергілікті билік органдарына жеткізуге мүмкіндік алды.­ Сол арқылы әр өңірдің өзіндік күрмеулі мә­се­лелерінің жол картасын жасауға болады. Бұл да бол­сын осы сайлауалды науқанның тиімділігінің бір дә­лелі деп айтуға негіз бар. Үгіт-насихат онлайн және­ офф­лайн түрде, жеке кездесулер форматында да өтіп­ жатыр. Әлбетте, түрлі форматтың өз­ тиімділігі бар. Кандидат алдымен өз сай­лаушысымен жеке кездесу өткізіп барып, одан ке­йін ғана онлайн қосылу арқылы жүздескені абзал. Өйткені жеке оффлайн кездесу­лер­ халықтың өз кандидатын жақсы танып-білуге сеп­ті­гін тигізеді. Әлеуметтік желілер арқылы кез келген уақытта халықпен байланысуға болады.

Биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – партия­ластар өз тұжырымдамасын теледебат алаңында да білдіруге мүмкіндік алды. Сайлауалды науқанның қызған тұсында пікірсайыс өз деңгейінде өтті. Кімнің кім екені әдетте сөйлегенінен-ақ байқалады. Ең алдымен пікірсайыстың тікелей эфирде өткені қай тұрғыдан да ұтымды болғанын айта кету керек.­ Теле­ви­зияда алдын ала жазып алынып, «кедір-бұдыры» ке­сі­­ліп тасталатын талай пікірсайысты көрдік. Бұл жолы олай болған жоқ. Қалай болғанда да тікелей эфирде сөз­ алғандар еркін көсілгенінің куәсі болдық.

Биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – бір мандатты округ бойынша барлық ниет еткен жандарға үміткер ретінде сайлауға түсуге мүмкіндік берілуі. Бұрын танылмай жүрген жандар да сайлау ар­қылы белсенділігін паш етті. Яғни үміткер тұлға сайлауда же­ңіске жетсе де, жетпесе де өзіне электорат ара­сында жақ­сы беделге ие болды деуге толық негіз бар.

Сондықтан барша жұртты 19 наурызда өтетін сайлау­да белсенді болуға шақырамын.

 

Қанат ӘУЕСБАЙ,

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проректоры