Ертеңгі сайлауда Мәжілістегі орындар үшін жеті партия бақ сынасады. Мәслихаттарды алсақ, өңірлік деңгейде 50/50 қағидасы қолданылған, аудандарда толық мажоритарлық жүйе бойынша сайлау өтпек. Бұл өзгерістердің өзі елдің саяси өміріне жан бітіргендей болды.
Ертеңгі сайлауда халыққа жаны ашитын азаматтардың басым дауысқа ие болғанын еліміздің әрбір азаматы қалайтыны анық. Мәслихат сайлауы да өте маңызды. Бұл – әр облыс, қала, аудан тұрғындарының мүддесі. Депутаттар нашар болса, сол өңірге де зиян. Осы орайда жергілікті халық сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда қателеспейді деген үміттемін. Ұлт мүддесі, ел бірлігі, халықтың сапалы өмірі бәрінен жоғары. Сайлауға салғырт қарамаған жөн. Сондықтан халқымыздың болашағы үшін маңызды сәтте қоғам өміріне салғырт қарамай сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымызды жасауымыз қажет. Бұл осы елде өмір сүретін әр азаматтың міндеті деп есептеймін.
Шәріпбек ЖАМАЛБЕК,
Түркістан облысының
құрметті азаматы,
«Парасат», «Құрмет»
ордендерінің иегері