Сенат • 14 Наурыз, 2023

Сенатта Армения мен Тәжікстанның елшілерімен кездесулер өтті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров Тәжікстан Республикасының және Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері Хайрулло Ибодзода және Армен Гевондянмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта Армения мен Тәжікстанның елшілерімен кездесулер өтті

Тәжікстан дипломатымен кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2022 жылғы мамыр айында Тәжікстанға жасаған сапарында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған жоспарды іске асыру барысы және осы салада атқарылған шаралардың қорытындысы талқыланды.

Армения Республикасының Елшісі өз елінің өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі белсендіруге мүдделі екендігін білдірді. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Дипломаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асып жатқан жан-жақты реформаларды іске асыру барысымен, сондай-ақ алдағы Парламент Мәжілісіне сайлауға дайындық жұмысымен танысты.

Кездесулер нәтижесінде ҚР Парламентінің екіжақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығы туралы айтылды.