Әлем • 14 Наурыз, 2023

Түркияда тағы жер сілкінді

3405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қахраманмараштың Гексун ауданында 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда тағы жер сілкінді

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Түркия уақытымен таңғы сағат 9-дан 47 минут кеткенде жер сілкінісі болды. Оның тереңдігі 7 шақырымға жеткен.

Түркияда зілзаладан кейін 11 мыңнан астам афтершок тіркелді. Ғалымдар жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер шамамен бір жылға созылатынын айтады. Себебі жоғары балдық зілзала аймақтағы көптеген ақаулық белдеулерге әсер еткен. Қазір Түркияда әрбір 3 минут сайын афтершок тіркеліп отыр.