Шаруашылық • 15 Наурыз, 2023

Агросаланы цифрландыру қарқын алды

231 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Бұл бағытта қолға алынған түрлі жобалар – соның айғағы.

Агросаланы цифрландыру қарқын алды

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Айталық, қазіргі уақытта «Ауыл ша­руа­шылығы жануарларын бірдей­лендіру» ақпараттық жүйесінде 25 млн-ға жуық жануар тіркелген. Базалық көрсеткіштер де жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2020 жылы бұл жүйеге 10,1 млн бас жануар тіркелсе, 2021 жылы – 12,1 млн,­­ ­былтыр 13,1 млн бас есепке алынған. Сонда жылына­ орташа есеппен 11,8 млн бас туа­тыны анық­талған.

– Өздеріңіз білетіндей, мал дәрігерлері үшін ветеринарлық шаралардың барлығын уақтылы жүргізу үлкен проблема­ еді. Олар шалғай учаскелерге барып, деректерді журналға енгізуге және қайтып оралғаннан кейін жұмыстың нәтижелерін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіне енгізуге мәжбүр болды. Мұның бәрі айтарлықтай уақытты алды. Аталған мәселені шешу үшін министрлік мобиль­ді қосымша әзірледі. Бағдарламалық жа­сақ­­тама ветеринарлардың мобильді құрылғыларда жұмыс істеуі үшін арнайы жасалған. Мобильді қосымша ақ­па­­ратты жинауды, беруді және талдау­ды­ автоматтандырады, ал ветеринар қағаз­­бастылықтан босатылады және мал өнім­де­рін нақты бақылау мүмкіндігіне ие бола­ды.­ Байланыс жоқ жерлерде ыңғайлы болу үшін­ мобильді қосымша интернетсіз де жұ­мыс істей береді. Ветеринарлар шал­ғай­ учаскелерге барып, мобильді қо­сым­ша ар­қылы жануарды тіркей алады,­ дерекқор ар­қылы тексереді, сондай-ақ жүр­гізілген ве­теринарлық іс-шараларды көр­сету мүм­кін­дігіне ие, – деді Ауыл ша­р­уа­шылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.

Өткен жылдың соңында Батыс Қазақ­­стан облысында қанатқақты жоба жүргі­зіл­ге­нін еске салайық. Оның аясында Теректі, Ақ­жайық және Бәйтерек ауданының вете­ринарлық дәрігерлері оқытудан өтті. Кейін бұл тәжірибе оңтүстік өңірлерде жалғастырылды. 2023 жылғы 21 ақпаннан бастап Түркістан облысында дәл осындай қанатқақты жоба іске қосылды. Тиісінше, Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек және Сауран ауданының ветеринарлық дәрігерлері оқытылды.

Әкімдіктердің дерегіне сүйенсек, осы жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойын­ша жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымда жайылатын 5,7 млн бас жануар бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтеріне сәйкес, оларды жаю үшін қосымша 8,9 млн гектар жайылым қажет. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтарда төрт түлік санының айтарлықтай көбейгенін көрсетеді. Мәселен, ірі қара мал саны соңғы 10 жылда 7,7 пайызға өскен. Ал Түр­кіс­тан, Қызылорда, Жамбыл секілді өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16 пайызға тең. Өңірлер арасында жеке қосалқы шаруашылықтарға қажетті жайылым тапшылығы, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыс­тарында өзекті. Сон­дық­тан елдің жер ресурс­тарын ұтымды және тиім­ді пайдалану маңызды. Бұл жерде де цифр­лан­ды­ру­дың игілігін атап өтпеске болмайды.

– Өткен жылы мемлекетке 5,35 млн гек­­тар пайдаланылмаған және ауыл шаруа­шылығы жерлерін бұза отырып бе­ріл­­ген жер қайтарылды. Тиісті шаралар қа­былданғаннан кейін жер пайдалану­шылар 2 млн гектар алаңда өздерінің ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті. «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ ақпаратына сүйенсек, 2023 жылғы 1 ­­­­­қаң­­­­тардағы жағдай бойынша 12,9 млн гек­­тар пайдаланылмаған және 8,1 млн гек­тар тиімсіз пайдаланылған ауыл шар­уа­шылығы жерлері космомониторинг деректерімен анықталды. Осыған байланыс­ты министрлік Мемлекет бас­шы­сы­ның 2023 жылдың соңына дейін пай­даланылмайтын қосымша 5 млн гектар­ жерге қатысты іс-шаралар қабылдау жө­ніндегі тапсырмасын орындауға кірісіп, әрбір аудан бөлінісінде қайтару жөніндегі тиісті жоспарды бекітті. Сонымен қа­тар біздің ведомство Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп геосервис әзірлеп, іске қосты (jerkarta.gharysh.kz). Бұл – мемлекет пайдасына қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы, – деді вице-министр.

Жалпыға қолжетімді интерактивті карта азаматтарға ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беруде бағдар болмақ және жылдар бойы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға уақтылы тартуға, сондай-ақ тұрғындарды жалпы ауыл шаруашылығымен айналысу үшін қажетті учаскелермен қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Вице-министрдің пікірінше, интер­активті картаны енгізу айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік әсер береді. Бірін­ші­ден, жер учаскелеріне қатысты алаяқтық үде­рістерді азайтады. Екіншіден, пай­да­ла­нылмаған жерлерді қайтару бойын­ша мем­лекеттік аппараттың жүргізіп жатқан жұ­мысына оң әсер етеді. Гео­сервис қай­та­рылған жер учаскелерінің кадас­трлық нө­мі­рі, олардың орналасқан жері мен ауданы ту­ралы мәліметтерді қамтиды.

Ауыл шаруашылығын цифрландыру­ бағытындағы тың жобаның бірі – суб­си­дия­лаудың бірыңғай мемлекеттік ақп­а­­рат­тық жүйесі. Аталған жүйе Мем­ле­кет бас­шысының тапсырмасы бойынша іске­ қо­сылды. Бұл жүйеде агроөнеркәсіп ке­ше­нін субсидиялау бойынша барлық мем­­лекеттік қызмет электронды фор­матта­ көрсетіледі. Мемлекеттік жүйе фер­мерлер,­ ауыл шар­уа­шылығы бас­қармалары, қаржы инсти­туттары, қыс­қасы барлық пайдала­ну­шы үшін тегін. Мемлекеттік деректер­ базасымен­ интеграцияның болуы­на бай­ла­ныс­­ты­ қосымша анықтамаларды талап­ ету қа­жет­тілігі жоқ. Сондай-ақ бұл суб­сидиялау са­ласындағы сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік бе­ре­ді. Нормативтік-құқықтық базаны бір мез­гілде жетілдіруге және мерзімдерді қыс­­қартатын модификация жүргізуге мүм­­кіндік бар.

– Осылайша, қолданыстағы заңнама негізінде адами факторсыз тиісті субси­дия­ны есептеуге мүмкіндік беретін ав­то­­ресептер енгізілді. Субсидиялау са­ла­сындағы сыбайлас жемқорлық тә­уе­кел­дерін төмендету мақсатында Мем­ле­кеттік кірістер комитетімен бірлесіп электронды шот-фактураларды бұғаттау жө­ніндегі функционал іске қосылды. Яғни пайдаланушы субсидиялауға өтінім бергеннен кейін электронды шот-фак­ту­­­раны өзгерте немесе кері қайтара ал­­майды. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы­ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет электронды шот-фактурамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтады. Енді мұндай фактілер алынып тасталды.­ «Күту парағының» функционалдығы мен өтінімдерді қарау реттілігінің нәти­же­сінде субсидиялар беру үдерісінде транс­паренттілік қамтамасыз етілді. Әр­бір­­ пайдаланушы тіркеусіз субсидия алу­ ке­зегін көре алады. Өндірістік іске қосу­­ды­ң­ бірінші айында жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге 3 мыңнан астам субси­дия­­лауға өтінім берілді, оның ішінде 135 млн­ теңгеге өтінім мақұлданды. Бұл ретте көр­­сетілген соманың жартысына жуығы не­месе 55 млн теңгесі төленді, – деп нақ­тылады Бағлан Бекбауов.