Теннис • 15 Наурыз, 2023

Рыбакина АҚШ-тағы Мастерс турнирінде сәтті өнер корсетті

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі Мастерс турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина АҚШ-тағы Мастерс турнирінде сәтті өнер корсетті

АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Елена ресейлік Варвара Грачевадан басым түсті.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте де Рыбакина тоқтап қалмады. Сеттегі алты ойынның бәрінде жеңіске жетті (6:0).

Келесі кездесуде 23 жастағы қазақстандық Чехия өкілі Каролина Мучовамен кездеседі. Ойын 16 наурызда өтеді.