Саясат • 15 Наурыз, 2023

ҚР СІМ Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынасты құптайтынын білдірді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды қолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР СІМ Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынасты құптайтынын білдірді

«Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды», деп жазды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұл келісім 2016 жылғы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді.

Ведомство Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар

Ағайынды алғырлар

Қоғам • Бүгін, 08:55

Абылай заманынан қалған көрік

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Күй күмбірлеген кеш

Өнер • Бүгін, 08:45

Зиялылық заңғары

Тарих • Бүгін, 08:15

Еламанның есті жырлары

Руханият • Бүгін, 08:02