Қоғам • 15 Наурыз, 2023

«Egemen Qazaqstan» газетінде медиасауаттылық бойынша тренинг өтті

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде журналистерге арналған «Медиасауат маңызды» атты тренинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Egemen Qazaqstan» газетінде медиасауаттылық бойынша тренинг өтті

Аталған іс-шараны Мейрамхан Жәпек пен Қалима Тәжіқұл жүргізді. Тренингте қазіргі замандағы БАҚ қызметкерлерінің ақпаратты дұрыс саралап, FAKE ақпараттарды дұрыс ажырата білуі туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар фактілер мен фэйктер, ашық дерекпен жұмыс істеу, фактчек жасау мәселелері де айтылды. 

Сондай-ақ медиа саласының мамандарының жұмысын жеңілдету мақсатында халықаралық түрлі сайттардың сілтемелерімен бөлісті. 

з

Тренинг соңында Media-quiz арқылы журналистер өздерінің логикасы мен интеллектін байқап, жаңа журналистік терминдермен таныс болды. 

ж