Театр • 15 Наурыз, 2023

Театрға саяхат

536 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Астана Операда» каникул күндері, яғни 18-26 наурыз аралығында елордадағы мектептер мен университеттердің білім алушылары үшін бірқатар театрлық саяхат өтеді. Балалар сахна сыртындағы тыныс-тіршілікпен танысып, спектакльдердің қойылу барысына куә болады. Сондай-ақ костюмерлік, аяқкиім, реквизит және бутафор цехтарын да аралайды.

Театрға саяхат

– Біз балалар мен жас­өспірімдер аудитория­сымен әрдайым зор құл­шыныспен жұмыс іс­тейміз. Оларға ұшы-қиы­ры жоқ театр өнері әле­мін ашу – біз үшін үл­кен қуаныш, себебі біз олардың шынайы қызы­ғушылығын көреміз, балалар көптеген сұрақ қоя­ды. Бұл өте зерек аудито­рия. Олар өздері үшін жаңа білімді игеруге тез кірісіп кетеді. Театрда мұн­дай саяхаттар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонда да оқушылар демалыс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуі үшін интенсив блогын ұйым­­дастырдық, – дей­ді «Астана Опера» театры­ның дирек­то­рының орын­басары Ай­жан Құр­манғалиева.

Спектакль туралы дә­рістер мен «Театр са­бағы» тәрізді қазақ және орыс тіл­дерінде өтетін театр­лық саяхат та таны­мал. Бұл – «Астана Опе­ра» жүзеге асыратын тағы бір маңызды жо­ба. Статистикалық мәлі­меттерге сүйенсек, 2022 жылы оған мыңнан ас­там елордалық оқушы қа­тыс­қан. Сонымен бірге театр­ға Ақмол, Шортанды кент­терінен, Бозайғыр, Қа­ра­өт­кел, Қорғалжын, Жі­бек жолы ауылдарынан, Ақ­көл қа­ласы мен басқа да көп­теген өңірден білім алушылар келеді.

Айта кетейік, бұл жобалар балалардың ғана емес, ересектердің де назарын аудартады. Жасы үлкен азаматтар әлеуметтік же­лілерде белсенділік танытып, театр әкімшілігіне ере­сектерге арналған театр сабақтарын өткізу жөнінде ұсыныс айтқан. Осы ретте дирекция әлеуметтік желі оқырмандары кө­тер­ген бұл бастаманы құп алды. Өткен айда «Ас­тана Операның» экскур­сия жетекшілері осы ауди­торияға арнап «Театр са­бақ­тарын» өткізді. «Са­бақ» қатысушылары әртіс­тердің дайындық залдарын, музей мен театр цехтарын көрді.

Көпшілік «театрды спектакльден бөлек қалай көруге болады?» деген са­уалды жиі қойып жатады. Ол үшін сейсенбі мен жексенбі аралығында кез келген күні кассадан билет алып келуге болады (билеттің құны ересектер үшін 2 мың теңгені, балалар, студенттер мен зейнеткерлер үшін 1 мың теңгені құрайды).

– Оқушылар мен сту­денттер үшін театр ауқым­ды білім бе­ру қыз­­ме­­тін атқарып, жаңа бі­лім­ге ұм­тылуға ын­та­лан­­ды­ра­ды. Театрлық қойы­лым­дардың ғажайып әле­мі жасөспірімдердің шы­ғар­машылыққа деген көз­қарасын өзгерте алады. Міне, сондықтан тәрбие беру ісінде оларға мән бер­­меуге болмайды, – деді Ай­­жан Құрманғалиева.