Халық • 15 Наурыз, 2023

Көлік салығын төлеп үлгеріңіз

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу жақындап қалғанын ескертеді. Азаматтар көлік салығын 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге тиіс.

Көлік салығын төлеп үлгеріңіз

Көлік құралдарына салына­тын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орна­ластырылған салық кальку­ляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеу­ге болады.

Сонымен бірге салық органдары есептеген алдағы төле­нетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары Kaspi Bank АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.

Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер» → «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қыз­меті» сервисінде, сондай-ақ Kaspi Bank АҚ мобильді қосым­шасында көруге бо-
лады.