Баға • 15 Наурыз, 2023

Баға бақылауға алынды

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын жіті назарда ұстау, баға тұрақтылығын сақтау мәселелері жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Шымкентте осындай әлеуметтік азық-түлік өнімдерін сау­­да­лайтын бірнеше дүкен бар. Соның бірі – Шаяхметов көшесінде орналасқан «Qaz et» әлеуметтік дүкені.

Баға бақылауға алынды

Қала тұрғындарының көп­шілігі бағасы төмен болған­дықтан етті осы дүкеннен сатып алады. Мұнда сиыр еті 2 300 теңгеден сатылып жатыр. Нарықта оның бағасы кіш­кене қымбаттау. Аталған сау­да нүктесі 2022 жылдың желтоқ­сан айында ашылған болатын.

Шаһарда тауарлардың ба­ғасын негізсіз өсірмеу жөнінде бірқатар ірі сауда орындары­мен келісімдер жасалған. Бү­гін­де «Магнум» сауда желі­сінде әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға белгіленген баға қойыл­ған. Дүкендер әкімдік бекіт­кен сол бағадан асырмау керек. Мәселен, арзандатылған азық-түлік тауарларының арасында нанның бағасы – 92 теңге, шекер – 445 теңге, пияз – 225 теңге, сәбіз – 180 теңге, картоп – 180 теңге, күнбағыс майы – 860 теңге болып белгіленген.

Шымкент қалалық ауыл ша­­­­­р­­­уа­­шылығы және ветерина­рия басқармасы азық-түлік қауіп­­­сіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Ханиев әлеуметтік ең қажетті деген азық-түлік тауарларының бағасына міндетті түрде мониторинг жасалып отыратынын жеткізді. Маманның айтуынша, бүгінгі таңда шаһардағы азық-түлік нарығында ешқандай тапшылық жоқ. Әкімдік тарапынан жергілікті кәсіпкерлермен 1 жылға келісімшарт түзіліп, олар­ға айналымға қаражат қа­рыз есебінде берілген. Осы күн­де шаһарда 100-ден астам сау­да нысандарында әлеуметтік маңы­­­зы бар азық-түлік тауарлары бел­гіленген бағада сатылып жатыр.

Осы орайда айта кеткен жөн, баға белгіленгенімен әр тоқсан сайын нарықтағы жағдайға бай­ланысты өзгеріп отырады. Соған сәйкес әр тоқсанда комиссия шешім шығарып, нарықтағы бағадан 10-15 па­йыз төмен әлеуметтік баға бекі­тіледі. Жалпы, алғанда әлеу­меттік маңызы бар азық-тү­лік тауарларының бағасына күн­делікті мониторинг жүргізу жалғасын таба береді.