Саясат • 16 Наурыз, 2023

Шотына шетелден ақша түсетін тұлғалар туралы ақпарат жарияланады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден ақша немесе өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы дерекқорды жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шотына шетелден ақша түсетін тұлғалар туралы ақпарат жарияланады

Дерекқордағы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитеті жариялап отырады. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлікті алатын тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тізімі жарияланады.

Бұл деректер алты айдың соңында есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей SRC интернет-ресурсында – kgd.gov.kz орналастырылады.

Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енеді.