Қаржы • 16 Наурыз, 2023

Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін

932 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім министрі Ғани Бейсембаев мектеп директорлары, орынбасарлары мен басқа да мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы уәделер орындалмай жатыр деген шағымдарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін

Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы уәде еткен мұғалімдердің жалақысын көтеру толығымен орындалғанын баса айтты. Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өседі. Биыл да жалақы көлемі 25 пайызға ұлғайған.

«Қазір білім беру ұйымдарының басшыларын қолдау мақсатында көтерілген мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл оңай емес, барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді есептеу керек. Мектеп директорлары, орынбасарлары мен басқа да қызметкерлердің жалақысын көтеру қолдау табады деп сенемін», деді министр Парламенті Сенатының отырысында.