Экономика • 17 Наурыз, 2023

Сенатта Өнеркәсіпті дамыту қорының қызметін жақсарту тетіктері талқыланды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Өнеркәсіпті дамыту қорының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдар өкілдерімен кездесу болды. Онда сенаторлар қордың жұмысы, қаржыландырылуы, сондай-ақ қызметін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатта Өнеркәсіпті дамыту қорының қызметін жақсарту тетіктері талқыланды

Шараға дайындық аясында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерімен және сарапшылармен төрт жұмыс кездесуін өткізген болатын.

Кездесуге Сенат депутаттары, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Атамекен» ҰКП басшылығы қатысты.

Шараның қорытындысы бойынша қор қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді, олар бұдан әрі жұмыс істеу үшін Үкіметке жіберіледі.