Саясат • 18 Наурыз, 2023

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар Гонконгта жоғары бағаланды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы қарсаңында Гонконг пен Макаодағы ҚР Бас консулдығы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің, Заң шығару кеңесі депутаттарының, сарапшылар қауымдастығы мен Гонконгтағы дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар Гонконгта жоғары бағаланды

Бас консул Алмас Сейтақынов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асыруылының негізгі кезеңдері және Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау ерекшеліктерімен іс-шараға қатысушыларды таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан билігінің саяси жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан реформалар мен тәсілдерін жоғары бағалады.

Іс-шара барысында Гонконг сарапшылары мен шетелдік дипломаттардың еркін пікірталасы елімізде жоспарланған парламенттік сайлауға қызығушылығын көрсетті.