Күннің бірінші жартысында Нұрлан Әбдіров Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысы делегациясының өкілдерімен, Тәжікстанның сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы Бахтиер Худоерзодамен кездесулер өткізді және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобымен кездесті.
Ол қонақтарды алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына әзірлік пен өткізу барысы, сондай-ақ сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы қысқаша хабардар етті, кездесулерге қатысушылардың сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге, олардың қорытындыларын шығару мерзімдері мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Кездесулер барысында ОСК Төрағасы елімізде халықаралық байқаушылардың алдағы сайлауға қатысуына, оның ішінде Қазақстанның демократиялық дамуын қолдаудың белгісі ретінде маңызды мән берілетінін атап өтті.
Делегациялардың басшылары сайлау қарсаңында еліміздегі тыныш, ақпейілді жағдайды, сайлау науқанын ұйымдастырушылар дайындығының жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, дауыс беру күні байқауды объективті және бейтарап жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.