Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Асылы Осман алғашқылардың бірі болып дауыс берді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, ел тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір саяси науқандағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

Асылы Осман алғашқылардың бірі болып дауыс берді

«Әділетті болайық, шыншыл болайық. Адалдыққа еш нәрсе жетпейді. Сондықтан бүгінгі науқанға баршамыз үн қоссақ деймін. Ертең депутаттар да біздің сенімімізді ақтасын. Елін, жерін, халқын шынайы сүйетін жандар көп болсын деп тілеймін!», деді Асылы Осман.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.