Аймақтар • 19 Наурыз, 2023

Жаңаөзендік кәсіпкер бірінші болып дауыс берді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз бойынша өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау Жаңаөзенде жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7.00-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзендік кәсіпкер бірінші болып дауыс берді

Жаңаөзенде 38 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. О.Тұрмағанбетұлы атындағы «Маңғыстау индустриялды техникалық» колледжінде орналасқан №79 сайлау учаскесінде жас кәсіпкер Асыланбек Досан ең бірінші болып өз таңдауын жасады. Сайлауға белсенді түрде қатысып, дауыс беру әр қазақстандықтың азаматтық борышы деп есептейтін кәсіпкер сайлау маңызды қадамдардың бірі дейді.

«Қаламыздың дамуы барысында мәслихат депутаттарын сайлау, одан әрі еліміздің дамуы үшін заң жобаларын ұсынушы, дайындаушы Парламенттің Мәжіліс депутаттарын сайлау еліміз үшін аса маңызды дүние деп білемін. Бұл сайланушы депутаттар қарапайым халықтың үнін тыңдайтын, солармен санасатын, осы халықты билікпен байланыстырушы «звено» болуы қажет. Сондықтан да кандидаттар өздеріне қандай ауыр жүк түсетінін біледі және соған дайын деп ойлаймын. Оларға сәттілік, күш жігер, шыдамдылық пен адалдық тілеймін», деді А.Досан.