Биыл 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болып жатқан жастар баршылық. Солардың бірі - павлодарлық Арай Темірболат. Кәмелет жасына жақында ғана толған ол алғаш рет сайлауға қатысып отыр.
«Кейбір достарым былтыр Президенттік сайлауда бірінші рет дауыс берген еді. Сол кезде мен де саяси науқанға қатысар күнді күттім. Себебі маған ертеңгі күні мүддемді кімнің қорғап, өңірдегі мәселелерді кімнің қалай шешетіні маңызды. Сол үшін де партиялар мен кандидаттардың бағдарламасын алдын ала қарап алдым. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын», дейді бойжеткен.
Арай дауыс берген №10 сайлау учаскесінде алғаш рет бюллетень алатын барлығы 10 жас азамат бар. Олардың барлығына естелік сыйлықтар қарастырылған.