Ол Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі елді мекенінде орналасқан №159 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ол Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі елді мекенінде орналасқан №159 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
«Бұл сайлаудың маңызы айрықша. Облысымыздың әр өңірінен «Сен тұр, мен атайын!» дейтін мықтылар додаға түсті. Барлығының мақсаты айқын. Өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысып, таңдауын жасап, дауыс беру әрбір азаматтың парызы деп білемін. Мен еліміздің жарқын болашағы үшін, ұрпақтарымыздың келешегі үшін дауыс бердім. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендету қандай маңызды болса, осы ұлы міндеттерді іске асыратын азаматтарды таңдап дауыс беру де үлкен міндет. Әлбетте олар ұлттық спортқа көңіл бөлуді ұмытпаса деймін. Еліміз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын», дейді ол.