Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Қызылордалық қыз Кореяда дауыс берді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің ертеңін айқындайтын науқаннан жастар да сырт қалып жатқан жоқ. Учаскелерге дауыс беруге барғандар қатарында кейінгі толқынның өкілдері көптеп көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық қыз Кореяда дауыс берді

Ал қызылордалық Мәдина Жақыпбекова таңдауын Оңтүстік Кореяда жасады. Сеул қаласында тұратын ол елшілікке барып, дауыс берді. Осы елдің астанасында жұмыс істейтін ол мемлекеттің жаңа арнамен дамуы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтады.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бүгін 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды.