Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Қызылорда облысында 486 мыңнан астам сайлаушы бар

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада сайлау науқанының барысы туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында 486 мыңнан астам сайлаушы бар

«Облыста 486 002 сайлаушы бар. Олар дауыс беретін 373 сайлау учаскесінің барлығы талапқа сай, арнайы кабиналармен жабдықталған. Учаскелері жергілікті сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді», деді Ә. Ерсұлтанов.

Азаматтар дауыс беру учаскесін алдын ала нақтылау үшін 20 қаңтардан бастап 109 колл-орталығы, «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz) іске қосылды. Бүгінгі күні сервисті пайдаланушылар қатары 30 мың адамға жеткен.

Сонымен қатар telegram-бот (sailau_kzoBot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы сайлаушылар тізімінен тексеру мүмкіндіктері бар. Бұл қызметті де 9 мыңға жуық сайлаушы пайдаланыпты.

Мұнан бөлек, egov порталында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисін орнату үшін 169 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.