Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Сайлауда туған сәби

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Текеліде «Сайлаубай» дүниеге келді. Ана мен баланың денсаулығы жақсы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлауда туған сәби

Бүгін еліміз үшін тарихи айтулы күнде Текелі қаласының орталық ауруханасында кішкентай періште дүниеге есігін ашты. Салмағы − 2,5 келі. Қазір екеуі де дәрігерлердің бақылауында.

«Біз ұлымның осындай маңызды күні дүниеге келгеніне қуаныштымыз. Бұл менің 5-ші балам. Алланың қалауымен мерзімінен бұрын босандым. Біз салмақ қосып, денсаулығымыз жақсарғанша дәрігерлердің бақылауында боламыз. Мен дауыс беріп үлгердім, ол үшін перзентханада жатқандарға жағдай жасалған. Осылайша, перзентхана қабырғасында отырған жас аналар да, болашақ аналар да азаматтық борышын өтей алады», дейді көп балалы ана Аяулым Бақытқызы.