Сайлау комиссиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысы орталығының сайлау учаскелерінде сайлаушыларды ыстық бауырсақпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 наурыз күні таңертең сайлауға барған өскемендіктерді тосын сый күтіп тұрды. Сайлау учаскелерінде тұрғындар қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.
«Сайлаушыларды қазақы дәстүрмен қарсы алып жатқандары қуантты. Таңдауымызды жасадық, бауырсақтан ауыз тидік», дейді Өскемен қаласының тұрғыны Әлфия.
Айтулы күні Өскемен кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде бауырсақтарды тегін таратты. Глубокое, Алтай аудандарының сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Теннис • Кеше
ҰҚШҰ елдері кешенді оқу-жаттығу өткізеді
Оқиға • Кеше
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар