Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Шымкент: Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі дайын сайлау хаттамамаларының әлеуметтік желіде таралуы қоғамда саяси науқанның әділдігіне байланысты екіұдай пікір туғызып жібергені рас. Осыған орай Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев бейнежазба арқылы арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент: Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан сайлау учаскелерінің қорытынды хаттамалары бойынша видеороликтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын. Видеороликте көрсетілген құжаттар мыжылған және оларда ешқандай қолтаңба мен мөр қойылмаған. Роликте көрсетілген мәліметтерді таза араңдатушылық деп есептеймін. Хаттамалар тек сайлау қорытындысына сәйкес толтырылады және нәтижесі жарияланады. Осы іс тиісті органдар тарапынан тексеріліп, құқықтық бағасы берілетін болады», деді ол.

Осы орайда Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Алмасбек Мамытбеков сайлау кезінде қандай да бір өрескел заң бұзушылықты байқаған азаматтар прокуратураға, полицияға және сайлау комиссиясына шағым түсіруге құқығы бар екенін жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында Шымкент қаласынан 330 сайлау учаскесі ашылып, онда 639 663 сайлаушы тіркелген. Сонымен бірге саяси доданың өту барысын бақылауға ТМД-дан 8, ЕҚЫҰ-дан 24 байқаушы келді.