Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің жанындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауын өткізу бойынша №257 сайлау учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай астанасынан бөлек, біздің азаматтар Шанхай мен Гонконгтағы екі сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бейжіңдегі №257 учаске жұмысын аяқтады. Күні бойына сайлаушылардың белсенді қатысуы байқалды», деді Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров.
Сайлаушылардың арасында қазақстандық дипломаттар, Қазақстанның ұлттық компаниялары өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, студенттер бар.
Сондай-ақ Шанхай және Гонконгтағы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыстар есепке салынып жатыр.
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар