Теннис • 20 Наурыз, 2023

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Есеп – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді. Есеп – 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Е.Рыбакина А.Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.

Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді