Медицина • 20 Наурыз, 2023

Түркістанда алғаш рет бас миы тамырларына ота жасалды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ахмет Ясауи университетіне қарасты Клиника-диагностикалық орталығында алғаш рет бас миы тамырларына ангиографиялық ота жасалды. Мұндай ота Түркістан қаласында алғаш рет жасалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда алғаш рет бас миы тамырларына ота жасалды

Нейроинтервенциялық ота бұрын инсульт алған адамдарда оның қайталанбауына көмектеседі. Күрделі операцияны университет түлегі, нейрохирург Еркін Медетов жасаған. Оның сөзінше, бұл отаның ерекшелігі - денеге пышақ тимейді. Арнайы құрылғылармен тамыр ішінен ем-дом жасалады. Ең негізгі аппарат «Ангиограф» деп аталады.  

Айта кетерлігі, мұндай аппарат Түркістан облысы бойынша тек Ясауи университетінің клиникасында ғана бар. Бұған дейін бұл аппаратпен кардиохирургиялық операциялар жасалып келген, енді міне бас миы тамырлары отасына да қолданылады.