Төтенше жағдай • 20 Наурыз, 2023

Екі облыста су тасқыны қаупі бар

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» Қостанай мен Ұлытау облыстарында су тасқыны қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі облыста су тасқыны қаупі бар

«Қазгидромет» мәліметінше, 2023 жылғы 20 мен 22 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен әрі қарай жоғарылау болжамына байланысты Қостанай облысындағы елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін. Қостанай облысынының оңтүстігінде (Науырзым, Жангелді, Амангелді және Арқалық қ. ауданы) қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі сақталады, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

«2023 жылғы 20 мен 21 наурыз аралығында Ұлытау (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігі) облысында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен әрі қарай жоғарылау болжамына сәйкес қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі сақталады, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», делінген хабарламада.