Оқиға • 20 Наурыз, 2023

Түркістан облысында 4 жасар қыз өзенге құлап кеткен

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 наурыз Түлкібас аудандық ПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызының Арыс өзеніне құлап кеткенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 4 жасар қыз өзенге құлап кеткен

Сол күні кешкі уақытта кәмелет жасына толмаған кішкентай үш қыз Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен.

Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.