Әлем • 20 Наурыз, 2023

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам көз жұмды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам көз жұмды

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында толассыз нөсер жаңбыр жауған.

Табиғат апаты салдарынан 10 адам көз жұмған.

Оның 8-і бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.