Қоғам • 20 Наурыз, 2023

Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Құрметті отандастар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бұл мейрам біз үшін табиғат пен өмірдің жаңаруымен, қыстан аман-есен шығып, ағайын-туыстармен көрісетін ерекше күннің бірі. Заманауи Қазақстан үшін бұл айтулы мереке барша халықты біріктіретін, татулық пен құндылықтарды насихаттайтын күнге айналды.

Көктем мерекесі сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін. Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», делінген министр құттықтауында.