Қоғам • 20 Наурыз, 2023

«Наурыз» пойызы жолға шықты

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, сондай-ақ «Бурабай Даму» ЖШС мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының Наурыз мейрамына орай бірлесіп әзірлеген жобасы іске қосылды.

«Наурыз» пойызы жолға шықты

Ол бойынша күн сайын Астана – Ку­рорт – Бурабай мерекелік электр пойызы қа­тынайтын болады. Бұл шара ішкі туризмді да­мыту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Наурыз мейрамына орай әзірленген этникалық пойыз Астана – Бурабай бағыты бойын­ша сәуір айының соңына дейін жүреді. Пойыз Астананың «Нұр­лы жол» вокзалынан таңғы сағат 06.03 минутта жолға шығып, «Астана-1» вокзалына барып аялдайды, сөй­тіп сағат 06.57 минутта әрі қарай жолға аттанады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз жол-жөнекей үш стан­саға ғана тоқтап өтеді. Олар – Ақ­көл, Елтай және Ма­кинка. Вагондар кондиционер және био­әжет­ханамен жабдықталған. Бұлармен бірге жолаушылар мазмұны ойын-сауыққа құрыл­ған және пайдалы ақпараты бар vputi.kz муль­тимедиялық порталын пайдалана алады.