Экология • 21 Наурыз, 2023

Бұрқанбұлақ: аңызы мен шипасы

634 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жетісудың қай қырын суреттесеңіз де, қисса шерткен қариядай тебіренесіз. Әсіресе жер жібіп, күн мерейін төге бастаған шақта бұлақ біткен екпіндей тасып, көңіл арбайды. Көктемнің келгенін әуелі солар сезетіндей. «Дария басы – бұлақ» деп түйсінген халық, көзін ашып, шөлін басып, жолға салады. Бұл – сол маңайдағы ағайынның әдеткі тірлігі.

Бұрқанбұлақ: аңызы мен шипасы

Табиғаттың тазалығы – жанның таза­лы­­ғы­мен бірдей дүние. Жетісуда бұлақ көп, бі­рін­ айтсаңыз, екіншісі менмұндалап тұра­ды. Біз­ бүгін Жетісудың байлығы Бұр­қанбұлақ сар­қырамасы жайлы сөз қауза­мақ­пыз. Мұнда қо­нақ болып келсеңіз, алды­ңыздан қасиетті бұ­лаққа апарар екі жол­ шығады. Әуелі – Те­ке­лі­ қаласы арқылы өте­тін күре жол. Сол жолға түс­сеңіз, бойы­на­ тарих тұнған алып қара тас­ты көресіз. Тас­та бейнеленген дүниелер Буд­да­ дініне қатыс­ты деп пайымдайсыз. Солай бо­луы да ғажап емес...

Жалпы, археологтердің там-тұмдап бол­са­ да жазып қалдырған деректерінде тас­та­ғы­ таңба орта ғасырдан қалған жәдігер деп­­ есептеледі. Үлкен тастың жылтыр, өзен­­ге қараған бетінде ескіден қалған сыз­бала­р­дың­ ізі әлі де көзге көрініп тұр. Тастың биік төбе­сінде су қағы тұратындай қазан­­­­­­­­шұңқыр бар.­­ Онда үнемі су толып тұрады. Алайда бұл­ ­­бағыттың жолы жер көшкіні салдарынан­ бү­­лі­ніп, жүруге келмей қалған. Екінші бағыт – Қапал айналып, Қызыл­жар асуы арқылы ба­ра­тын кедір-бұдыры көп жол. Тек жол тал­ға­майтын көлік болмаса, асудан асу мүмкін емес.

«Ертеде Сібірдегі Том уни­вер­си­те­ті­­нің профессоры, географ, ботаник, этно­граф Василий Сапожников 1903 жылы Қапал­дан атпен шығып, Қора өзенінің жаға­лауын аралап, көрген-білгенін хатқа түсі­ріпті: «Өзен бойын 5 сағат бойы жаға­лап­ жүргенімізде алып тасқа кездестік. Қа­лың қарағайдың ішіне орналасқан. Мұны жергілікті қырғыздар (қазақтар) «Әулие тас» дейді екен. Таспен қатарлас өс­кен ағашқа түрлі-түсті шүберектер бай­лапты. Осыдан жоғары өрлегенде алды­ңыз­дан ғажайып сарқырама көрінеді». Сол Сапожников «Жетісу очерктерінде» сар­қы­раманың Бұрқанбұлақ деп аталатынын жаз­ған», дейді өлкентанушы Қажет Андас.

Оның айтуынша, Бұрқанбұлақ – адам аяғы баспайтын құз басынан құлай ағып жат­қан жұмбақ құбылыс. Аңызға жүгінсек, Бұр­қан – анасының жалғыз ұлы екен. Алайда ол тәкаппар әрі бірбеткей Қора сұлуға ғашық болады. Анасы олардың үй­ленуіне рұқсат етпей, тас қамал соғып, ұлын­ қамап тастайды. Бұрқанның ғашығын сағын­ғандағы көз жасы бұлақ болып ағады. Қамалдан асып төгілген суы Қора сұлу­дың өзеніне қосылады. Міне, содан бері­ екеуі тел ағысқа айналып, телегей-те­ңіз өзен болыпты. Баласынан айырылып­ қалған ананың көз жасы да әлі тыйылмап­ты. Бұрқан­бұлақ сарқырамасымен қатарлас жы­лай ағатын кішкентай жылға осы «Ананың көз жасы».

Бұлақтың қасынан өтсеңіз, күркіреген да­у­ысы жүрегіңізді тербейді. Суы тас­тай,­ м­ө­л­­дір. Судың құлап түсіп жатқан жері­н­де­гі­ те­реңдік 1-2 метрге дейін барады. Су ас­тын­дағы түрлі түсті тастар анық көрі­не­ді. Ша­ш­ы­раған су жаңбыр тәріздес, ыс­тық ауа мен­ су­д­ың шашырап қосылған тұ­сы ерекше се­зім сыйлайды. Суды кешіп, сарқыраманың ас­тына бару қауіпті. Судың күшімен мүжіліп жат­қан жақпар тастың ұшқындары ұшып тү­сіп жатыр. Денеңе тисе, шымыр еткізеді. Сар­қы­­рама астына барсаң, одан да үлкені болуы мүм­кін. Судың сарыны, шуылы бүкіл денеңді билеп, бойыңа жан тыныштығын орнатады.

Қараса көз тоймайтын сұлулық, ­таза ауа,­­­­­ тәтті су, суретшінің картинасындай­ ға­­­жа­йып жайлау тек Бұрқанбұлаққа тән. Әйт­се де­ бар­дың қадірі бола ма?! Та­би­ғаттың таңғажайып сыйы ешкімді ой­лан­дыр­майды.­ Орманшылар уағында бұлақ бой­­лап ел­ жатқанын айтады. Қазір меншік иесі­не ай­налған «Таубұлақ» демалыс орны орна­ласқан.

Аталған лагерь Талдықорған қала­сын­­дағы неміс үйінің балаларына­ арна­лып­ ашылған. Жаңа техникамен жаб­дықталған тоқ шығару құрылғысы, су­ тартатын сорғылар орнатылған. Бір ме­зетте 80 адамды тамақтандыра алатын­ асханада демалушыларға төрт уақыт тамақ жаса­лады. Шағын дәріхана, онда тау­ шөбі­нен бірнеше түрлі сусын дайын­да­ла­ды. Жаздық моншалар 24 сағат жылы су­мен қамтамасыз етілетін электрлі жаб­дық­тар­мен­ жабдықталған. Қыстық моншасы да бар,­ бірақ бәрі ақылы.

Қалай десек те, бұлақтың суына жуы­натындар­ саны толастаған емес. Бірақ оның­ бәрі қасиетіне бойлай бермейді. Кей­­де қауырт тірліктен қажыған сәтте Бұр­қан­бұлаққа келіп, бой жазсаңыз болады.

 

Жетісу облысы