Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалы басталды
Бүгін топтық кезеңнен өткендер 1/8 финалда кездеседі. Бұл кезеңге ең бірінші болып «В» тобындағы Голландия мен Чили құрамалары шыққан болатын. Екінші болып «А» тобының өкілдері Бразилия мен Мексика жолдама алды. Енді ережеге сәйкес, осы топтарда бірінші және екінші орын алған Бразилия мен Чили, Голландия мен Мексика командалары кездеседі.
Содан кейін Колумбия – Уругвай құрамаларының жасыл алаңдағы айқасы өтеді. Кейбір сарапшылар 1/8 финалдағы ойындардың ішінде ең қызықты және тартысты кездесу осы командалардың арасында өтеді деуде. Бұл матчта жеңген команда ширек финалда Бразилия –Чили құрамаларының арасында өтетін кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.
Осылардан басқа 1/8 финалда Франция – Нигерия матчы өтеді. Франция өз тобынан бірінші орын алып келесі айналымға шықса, африкалықтар екінші орынмен жолдама алды. Бұл командалардың арасындағы ойын да қызықты болатыны сөзсіз. Рас, алғашқы кезде Дидье Дешам құрамасының ойынына қарап, Франция алысқа бармайды дегендер де болған. Алайда, Франция топтық кезеңнің соңғы матчтарында жақсы ойнап, қазір енді чемпиондық болмаса да жүлдеге таласа алатын команда екенін көрсетіп отыр.
Ал «G» тобынан 1/8 финалға Германия мен АҚШ шықты. Бұл топтағы соңғы матчтар Германия мен АҚШ және Португалия мен Гана арасында өтті. Онда 1/8 финалға шығу үшін Ганаға жеңіс керек болса, АҚШ пен Германияға тең ойнаса да болатын еді. Бірақ, африкалықтар мақсатына жете алмады. Олар Португалиядан 2:1 есебімен ұтылып қалды. Ал Германия қарсыластарын 1:0 есебімен ұтып, 7 ұпаймен бірінші орын алып, келесі айналымға шықты. 1/8-ге жеңілсе де 4 ұпаймен АҚШ та жолдама алды.
Енді Германия келесі ойынын Алжирге қарсы өткізеді. Осы жерде Алжирдің өз тарихында тұңғыш рет 1/8 финалға шыққанын айту керек. Олар әлем чемпионатына небәрі үш рет қана қатысқан. Бірінші рет 1982 жылы, содан кейін 1986 жылы ойнаған. Ал соңғы рет 2010 жылы бағын сынап көрген. Осы үшеуінде де Алжир топтық турнирден шыға алмаған. Енді, міне, Алжир алғаш рет плей-оффқа жолдама алып отыр. Бұл жолдама да оларға оңай келмеді. Олар соңғы кездесуде Ресеймен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Егер Алжир жеңілгенде 1/8-ге Ресей шығатын еді. Осы топтағы Бельгия мен Корея арасында өткен ойында «қызыл перілер» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, Кореяның жолын бөгеп, оларға ешқандай мүмкіндік қалдырмады.
Бельгияның келесі қарсыласы – АҚШ құрамасы. Ал Аргентина 1/8 финалда Швейцариямен кездеседі. Осы ойында жеңген команда Бельгия – АҚШ матчының жеңімпазымен ойнайды. Сол сияқты Германия – Алжир кездесуінің жеңімпазы ширек финалда Франция – Нигерия матчында жеңген құрамамен бақ сынасады. Ал биылғы әлем чемпионатының сенсациясы деп саналатын Коста-Рика командасы 1/8 финалда Грекиямен ширек финалдық жолдаманы сарапқа салады. Егер осы ойында коста-рикалықтар ұтса, олар тұңғыш рет ¼ финалға шығатын болады. Бірақ, Грекия командасын да есептен шығара алмаймыз. Қазір гректер сүрініп, жығылып жүрсе де келесі айналымға шығудың жолын табатын жолы болғыш команда ретінде көрініп жүр. Бұл ойынның жеңімпазы Голландия – Мексика матчында ұтқан командамен кездеседі.
1/8 финалдың ойындары 28 маусым мен 2 шілде күндері өтсе, ширек финал 4-7 шілде күндері өтеді. Осылайша чемпионаттың келесі кезеңіне Еуропаның – 6, Оңтүстік Американың – 5, Орталық және Солтүстік Американың – 3, Африканың 2 командасы шықты. Ал Азиядан бірде-бір команда жоқ.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05